Мемлекеттік қызметшілерді заңсыз іс-әрекеттерден қорғау қалай жүзеге асады
ОРАЛ. KAZINFORM — Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті қызметінің негізгі бағыттарының бірі азаматтар мен мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау және оларды қалпына келтіру.
Мемлекеттiк қызметшiлерді тәртiптiк жауаптылыққа тарту кезiнде олардың құқықтарына берілетін кепiлдiктер белгіленген. Алайда, дербес мемлекеттік органдармен аталған кепілдіктер сақталмайды. Осылайша, Департаментпен жүргізілген жұмыстар нәтижесінде, 2025 жылғы I-жартыжылдықта 2 мемлекеттік қызметшіге заңнама талаптары сақталмай қолданылған тәртіптік жазалардың күштері жойылып, олардың бұзылған заңды құқықтары қалпына келтірілді.
Сонымен бірге, өткізілген жалпы конкурс нәтижесінің күші жойылып, кандидаттың бұзылған заңды құқығы қалпына келтіріліп, аталған конкурсқа қайта қатысуға мүмкіндігі берілді.
Осыған қоса, есептік кезеңде мемлекеттік қызметшілердің жұмыс уақыты режимінің сақталуына мониторинг жүргізілді.
Осылайша, жекелеген мемлекеттік органдардың қызметшілері жұмыс орнында үстеме жұмысқа тарту туралы жұмыс берушінің бұйрығы рәсімделмей, отырғандары анықталып, мониторинг нәтижесі бойынша 21 мемлекеттік қызметшінің құқықтары қалпына келтіріліп, оларға демалыс уақыты ұсынылды.
Бұдан бөлек, «Мемлекеттік органдардың қолжетімділікті бақылау және басқару» жүйелерінеталдау жүргізу барысында 132 мемлекеттік қызметші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін жұмыс орындарында болып, жұмыс уақыты режимінің бұзылғаны белгілі болды.
Нәтижесінде, мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау мақсатында, оларға демалыс уақыттары берілді.
Сондай-ақ, мемлекеттiк қызметшілерге Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен қызметтiк iссапарларға, оның iшiнде шет мемлекеттерге iссапарға баруға арналған шығыстары өтеледi.
Осылайша, Батыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне іссапар шығындарын төлеу талаптарының сақталуына жүргізілген талдау нәтижесінде іссапар шығындарын уақытылы төлемеген 51 мемлекеттік қызметшіге тиісті 9,6 миллион теңге көлемінде төлемдер жүргізілді.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілерге жыл сайынғы еңбек демалысына ақы төлеу талаптарының сақталуына жүргізілген талдау нәтижесінде еңбек демалыса ақы төлеу мерзімдері бұзылғаны үшін тиісті 26 мемлекеттік қызметшіге 22 000 мың теңге көлемінде өсімпұлдар төленді.
Бұл ретте, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның талабына сәйкес, мемлекеттiк қызметшiлер Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтауға мiндеттi.
Департаментпен аталған бағыттағы жұмыстар әрі қарай өз жалғасын табатын болады.