Тексеру барысында Мемлекеттік кірістер басқармасы 48 мүгедектігі бар азаматқа көлік салығын төлеу туралы хабарлама жібергені белгілі болды.
Алайда қолданыстағы Салық кодексіне сәйкес, мүгедектігі бар тұлғалар көлік салығын төлеушілер қатарына кірмейді.
Прокурорлық қадағалау актісінің нәтижесінде барлық есептеулердің күші жойылды.
Нәтижесінде жалпы сомасы 1,3 млн теңгеден астам қаражат шоттардан алынып тасталып, азаматтардың құқықтары толық қалпына келтірілді.
Айта кетейік, кәсіпкерлер импорт тауарлардың құнын қолдан төмендетіп салықтан жалтарған.