Мемлекеттік мекеменің қызметкеріне заңсыз тексеру жүргізгені үшін айыппұл салынды

Фото: Фото: gov.kz

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM — Қызылорда облысының прокуратурасы жүргізген талдаумен кәсіпкерлік субъектісінің қызметін заңсыз тексеру фактісін анықтады.

Қызылорда облысы бойынша Қызылорда облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бас маманы тексеру туралы актісіз Қызылорда қаласында орналасқан құрылыс компаниясының қызметіне заңсыз тексеру жүргізген.

Тексеру нәтижесімен кәсіпкер Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 318-бабы бойынша әкімшілік жауапқа тартылған.

Осылайша, Бақылау басқармасының қызметкерінің заңсыз әрекеті кәсіпкердің құқықтарының бұзылуына әкеп соқтырған.

— Облыс прокуратурасымен бас маманға қатысты ӘҚБтК-нің 175-бабы 1-бөлігінің 2)-тармағымен әкімшілік іс қозғалып, соңғыға қатысты соттың қаулысымен 55 мың теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды, — делінген Қызылорда облысы прокуратурасы хабарламасында.

Айта кетелік Бас прокуратура мемлекетаралық іздеуде жүрген күдіктілерге қатысты түсінік берген еді.