Министрліктер мен әкімдіктердің ресми сайттары ашылмай қалды
13:20, 27 Қараша 2023
Қазақстанда министрліктер мен әкімдіктердің ресми сайттары ашылмай қалды. Бұл мәліметті ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі растады, деп хабарлайды Kazinform.
Әзірге мүның кибершабуылға қатысы бар-жоғы белгісіз.
«Мемлекеттік органдардың интернет ресурстарының бірыңғай платформасы – Gov.kz дұрыс жұмыс істемей тұрғаны байқалып отыр. Қазіргі уақытта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Жақын арада сайт қолжетімді болады», - деп жазылған министрліктің ресми жауабында.