Мемлекеттік сатып алу: жеткізушінің қаражат аудару қағидасы бекітілді
АСТАНА. KAZINFORM — Жаңа қағида Қаржы министрінің 2025 жылғы 30 шілдедегі № 412 бұйрығымен бекітілді.
— Электронды әмиян — жеткізушінің жеке шоты, оны бірыңғай оператор мемлекеттік сатып алуға қатысу кезінде жеткізуші бірыңғай оператордың шотына ақша енгізген кезде жүргізілетін операцияны көрсету үшін пайдаланады, — делінген құжатта.
Операциялар келесі жағдаймен байланысты:
— мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету;
— шарттың орындалуын қамтамасыз ету;
— авансты қамтамасыз ету (шартта аванс көзделген жағдайда);
— демпингке қарсы соманы енгізу.
Бірыңғай оператор электронды әмияндағы жалпы сома көлемінің кемінде 70% банк шотында сақтау арқылы жеткізушілерге ақшаны үздіксіз және уақтылы қайтару операциясын орындауды қамтамасыз етеді. Ал қалған 30% айдың соңында бірыңғай оператордың қолма-қол ақшаны бақылау шотына олардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында аударылады.
Бірыңғай оператордың қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы қаражат жеткізушінің өтінімі бойынша бірыңғай оператордың талабы бойынша сақталып тұрады.
Бұйрық 2025 жылғы 16 тамыздан бастап күшіне енеді.
Айта кетейік, мемлекеттік сатып алу туралы заң шағымды үш есе азайтты.