«Мемлекеттік-жекешілік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру сапасын арттыру мақсатында Мемлекеттік-жекешілік әріптестік жобаларды Халықаралық қаржы ұйымдарымен бірге Дайындау қорларын құру мәселесі пысықталуда. Ауқымды мемлекеттік-жекешілік әріптестік жобаларын «толық дайын» пулын қалыптастыру мәселесі 2029 жылға дейінгі Ұлттық инфрақұрылымдық жоспарды іске асырумен өзара байланыста кешенді түрде қаралатын болады», - деді Нұрлан Байбазаров.
Оның атап өтуінше, денсаулық сақтау және білім беру салалары үшін мемлекеттік-жекешілік әріптестік жобалары бойынша жекелеген нормативтер мен ережелер қалыптастырылады.
«Атап айтқанда, медициналық объектілер мен орта білім беру ұйымдарын құру жөніндегі мемлекеттік-жекешілік әріптестік тәсілдері жан басына шаққандағы нормативтерді төлеу есебінен инвестордың шығындарын өтеуін қарастыратын шараларды көздейтін болады. Сондай-ақ, жоспарлау процесін жеңілдетуге және жүйелеуге болатын үлгілік жобалар бойынша «Бағдарламалық мемлекеттік-жекешілік әріптестікті» қолдану жалғастырылады», - деді ол.