Меморган басшылары азаматтардың қабылдауын өткізеді
Ай соңына дейін «Нұр Отан» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдауында Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының басшылары азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды.
Атап айтсақ, ауыл шаруашылығы министрі А.Мамытбеков 19 тамызда азаматтарды қабылдайтын болады.
21 тамызда - ҚР Қаржы вице-министрі А.Теңгебаев;
26 тамызда ҚР Білім және ғылым вице-министрі Т.Балықбаев;
28 тамызда - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т.Дүйсенова азаматтарды қабылдайды.
Қабылдау мына мекенжайда өтеді: Астана қ-сы, Кенесары көшесі, 25 үй, «Нұр Отан» партиясы республикалық қоғамдық қабылдауы сағ 10.00 ден 13.00-ге дейін.
Қабылдауға жазылуға болады:
-Электрондық қоғамдық қабылдау арқылы www.kk.nurotan.kz мекенжайы бойынша
- Бірыңғай Call - орталығы бойынша: тел. 59-78-50,
- Республикалық қоғамдық қабылдаудың мекенжайы бойынша: Астана қ-сы, Кенесары көшесі, 25.
Сонымен бірге, басқа облыс орталықтарының және Алматы қаласы тұрғындарының Астанаға келмей-ақ қабылдауға жазыла алатынын хабарлаймыз. Өйткені, қабылдауды «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалдарында бейнебайланыс режимінде өткізу мүмкіндігі қарастырылған. Жазылу қабылдауға 3 жұмыс күні қалғанда аяқталады.