Меморган өкілдері мен Мәжіліс депутаттары азаматтарды қабылдайды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Апта барысында «Нұр Отан» партиясының республикалық қоғамдық қабылдауында мемлекеттік органдар өкілдері мен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары азаматтарды жеке қабылдайды, деп хабарлайды nurotan.kz.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы ұлттық экономика вице-министрі Қайырбек Өскенбаев азаматтарды 20 мамырда қабылдайды.

Сонымен бірге ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшелері: Экология мен табиғатты пайдалану мәселелері комитетінің мүшесі Виктор Киянский - 19 мамырда, ал Халықаралық іс, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Қайырбек Сүлейменов - 21 мамырда қабылдау өткізеді.