Меморгандар мен квазимемлекеттік сектор қызметінің ашықтығы мен есептілігі артады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Президент тапсырмасына сәйкес қандай жұмыстар қолға алынатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Медициналық инфрақұрылымды жаңғыртуға және материалдық-техникалық жарақтандырумен қамтамасыз етуге ерекше назар аударылады. Ауылды жерлерге қызмет көрсету үшін бастапқы медициналық-санитарлық көмек пен көліктік медицинаны белсенді дамыту жоспарлануда. Медициналық препараттардың қөндірісін дамыту жөнінде шаралар қабылданады», - деді деді Руслан Дәленов Үкімет отырысында Президент Жолдауын жүзеге асыру бойынша Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасы жариялай отырып.

Министр сондай-ақ, экология және биологиялық әркелкілікті қорғау мақсатында минералдық-шикізат базасын, су шаруашылығын, балық кәсіпшілігін және ұлттық парктерді дамыту жөнінде кешенді шаралар қабылданатынын жеткізді.

«Қоршаған ортаны қорғау саласындағы саясатты жетілдіру жалғасады. «Жасыл белдеу» және ұлттық экономиканы терең декарбонизациялау бойынша шаралар қабылданады.

Одан бөлек Руслан Дәленов «Әділетті мемлекет азаматтардың мүддесін қорғау жолында» тапсырмасы бойынша үш буынды қылмыстық модель құрылып, қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманың тұрақтылығы қамтамасыз етілетінін мәлім етті.

«Жергілікті полиция қызметін одан әрі жетілдіру жалғасады. Мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор қызметінің ашықтығы мен есептілігі артады», - деді ол.