«Егер де мемлекеттік орган журналистердің сауалдарына әрекет етпесе, онда бұл жағдай аталған орган қызметі тармақтарының бірі болатынын түсінуіміз керек. Яғни, мемлекеттік орган үшін бұл көрсеткіш төмендейді. Бұл ретте тармақтардың ішіндегі біреуі бойынша өзінің міндеттемелерін орындауда мемлекеттік орган тиімсіздігін көрсетеді. Сондай-ақ бұл кемшілік жалпы рейтингке әсер етеді»,-деді Д. Абаев.
Оның сөзіне қарағанда, уақыт өте келе мемлекеттік қызметкерлер идеяларының халыққа дейін жетуіне мүдделі болады.
Сонымен қатар министр күмәнді ақпаратты жариялағаны үшін БАҚ пен журналистердің жауапкершілігіне қатысты сұраққа жауап берді. Д. Абаевтың айтуынша, журналистер мен редакторлар жариялап отырған ақпараттың дұрыстығын тексеріп отыруы тиіс.