Атап айтқанда, «Ашық диалог» порталында мемлекеттік қызметшілерді ынталандыруға қатысты онлайн интернет-конференция өтіп жатыр. Онда мемлекеттік органдарда айына немесе екі-үш айда бір рет жұмыс уақытында ұжыммен таза ауаға шығу жөнінде ұсыныс айтылды.
«Мемлекеттік қызметшілер үнемі кабинетте отырып жұмыс істейтін адамдар. Оларға айрықша іс-шаралар ауадай қажет. Онсыз да жиі өткізіліп отыратын жиналыстарды таза ауада өткізуден ешқандай зиян келмейді деп ойлаймын. Осы ұсынысымды қабылдайсыз деген үміттемін», - деп ұсынды Жазира Сейтмағанбетова есімді тұрғын.
Өз кезегінде Айгүл Шайымова қолданыстағы заңнамаға сәйкес, әр мемлекеттік орган дербес түрде, өзінің еңбек тәртіптемесі қағидаларында жұмыс кестесін, соның ішінде жұмыс уақыты мен демалыс уақытының режімін белгілейтінін («Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңы, 32-бабының 3-тармағы) атап өтті.
«Мысалы, аталған норма аясында қазіргі уақытта мемлекеттік қызметшілердің жеке және кәсіби өмірлеріне ыңғайлы болу үшін мемлекеттік органдарда икемді жұмыс кестесін енгізу жүргізілді. Осылайша, бүгінге Әділет, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Денсаулық сақтау, Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Сыртқы істер, Мәдениет және спорт, Қаржы, сондай-ақ басқа да министрліктерде икемді жұмыс кестесі енгізілді. Осындай жұмыс барлық өңірлерде жасалуда. Нәтижесінде, мемлекеттік қызметшілердің, яғни үстеме жұмыстарды жою шараларының арқасында жеке уақытын тиімді ұйымдастырып, өзін дамытуға, отбасымен уақыт өткізуге және денсаулық мәселелерін шешуге мүмкіндіктері бар. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілер арасында жүйелі түрде таза ауада спорт шаралары жүргізіледі. Бұдан басқа, мемлекеттік органдарының ұжымдарында жағымды моральдық-психологиялық климат орнату және әдептілік қағидаларын ілгерілеу мақсатында әдеп жөніндегі уәкіл институты енгізілді. Жұмыс жағдайларына байланысты барлық өзекті мәселелер бойынша әдеп жөніндегі уәкілге жүгінуге болады. Қайта алғысымызды білдіре отырып, Сіздің ұсынысыңыз алдағы мемлекеттік аппаратты жетілдіру жұмыстарында ескерілетін болады», - деді Айгүл Шайымова.