Мен Астананың әсемдігінен мол әсер алдым - Әзербайжан президенті И. Алиев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әзербайжан президенті Ильхам Алиев 2004 жылғы 1 наурызда Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары кезінде елордамыздан ерекше әсер алғанын айтқан болатын.

Астана күніне орай белгілі тұлғалардың елорда жөнінде айтқан пікірлерін жариялауды жөн көрдік.

«Мен жаңа астананы көрдім. Құрылыстың қарқынын, құрылып жатқан қаланың әсемдігінен мол әсер алдым. Бұл ретте барша қазақ халқын жұмылдырып, жаңа қала, жаңа астананың салынуына бар күш-жігерін жұмсаған Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың үлесі аса зор», - деп мәлім етті И. Алиев.