«Мен тек Владимир Смирновтың жолымен әлем біріншілігіне, олимпиадаға еуропалық клубтың атынан Қазақстан туы астында өнер көрсеткім келетінін айттым», - дейді спортшы.
Бірақ бұл ойын жүзеге асыру оңай шаруа емес екенін жасырмаған ол өз қолынан демеушілер іздеп, келіссөздер жүргізу келмейтінін, бар білетіні - жаттығумен айналысу екенін айтты.
«Азаматтығымды ауыстырмаймын! Мен өз Отанымды, Қазақстанымды сүйемін! Менің сөзімнің бұрмаланғанына, ойымды дұрыс жеткізе алмағаныма өкініш білдіремін. Сол үшін көпшіліктен кешірім сұраймын», - деді шаңғышы.
Естеріңізге сала кетейік, «Караванда» жарияланған сол сұхбатта айтылған сөздерді жоққа шығарған шаңғы спортынан ҚР Ұлттық құрамасының мүшесі Ердос Ахмадиев Полторанинді өтірік айтты деп айыптаған болатын.