Мен бәріңізді мерейлі мекенімізді өркендетуге үлес қосуға шақырамын - Тоқаев

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандықтарды Отанымызды өркендетуге үлес қосуға шақырамын. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың Twitter-дегі парақшасына сілтеме жасап.

«Мен ел тағдырына жаны ашитын әрбір азаматқа зор сенім артамын. Қазақстан – ортақ шаңырағымыз! Мен бәріңізді мерейлі мекенімізді өркендетуге үлес қосуға шақырамын! Сындарлы қоғамдық диалог – татулық пен тұрақтылық негізі», делінген хабарламада.