Бұл туралы спортшы ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында айтты.
«Бірақ мен бокстан алыс кетпеймін! Қазір мен Қазақстанның Әуесқой бокс федерациясының әкімшілік директорымын», деді ол агенттік тілшісімен болған әңгімесінде.
Қазақстандық спортшы Бақыт Сәрсекбаев осыдан бір жыл бұрын Бейжің Олимпиадасында алтын медаль иеленген болатын. Кейіннен оның кәсіпқой рингке кететіндігі туралы әңгімелер айтылып жүрді. Бірақ спортшы еңбек мансабын Әуесқой бокс федерациясынан бастауды шешті.