«Әкеме қатысты, иә мұндай іс болды. Ол жазасын өтеді. Мемлекеттік қызметке орналасу кезінде бұл фактіні жасырған жоқпын, құжатта көрсеттім», - деп жауап берді министр журналистердің сауалына орай.
Бұған дейін БАҚ беттерінде министрдің әкесі Болат Сүлейменов 2011 жылы ірі мөлшерде ұрлық жасағаны үшін кінәлі деп танылғаны жайлы ақпарат тарады. Ол кезде Болат Сүлейменовке 4 жылға бас бостандығынан айырып, мүлкін тәркілеп, жалпы режимдегі түзеу колониясында мерзімін өтеу жазасы тағайындалған.
Қоса кетсек, Экология министрі Зүлфия Сүлейменова өзінің отставкасына қатысты пікір білдірді.