дейді педагогика ғылымының докторы, профессор Әдібай Табылдиев. 2-ақпанда 86 жасқа толғалы отырған ғалым Алматыдағы Медеу ауданындағы №240 сайлау учаскесінде өзінің азаматтық парызын өтеді.
Мен 1937 жылдан бері елімізде өтіп келе жатқан түрлі деңгейдегі барлық сайлауға қатыстым. Тәуелсіздік жылдарында болған сайлаулардың ішінде 1995 жылы Президент сайлауындағы дауыс берушілердің белсендігі ерекше есімде қалды», - дейді 120-дан астам ғылыми мақалалардың, 10-нан астам ғылыми-әдістемелік оқу құралдарының авторы.