«Бұл маған мотивация береді. Мен бірінші айқаста GGG-ды жеңген сияқты сезінемін және менің жоспарымда реванштың болғаны баршаға мәлім - бұл жерде жасыратын ештеңе жоқ!», - деп жазды туиттерде оның Matchroom Boxing промоутерлік компаниясы Джейкобстың сөзін келтіріп.
Джейкобс - Сулецки жекпе-жегі 28 сәуірде Бруклинде өтеді (Нью-Йорк, АҚШ).
Еске салайық, Головкин мен Джейкобс 2017 жылдың 18 наурызында Нью-Йоркте айқас өткізген еді. Ол төрешілердің бірауыздан шешімімен қазақстандық боксшының жеңісімен аяқталған.