«Біз Лас-Вегастамыз. Сенбі күні Вегаста үлкен жаңалықтар болады және бүкіл әлем бұл туралы білетін болады. Вегаста не болып жатқаны Вегаста қалмауы керек. Мен қазақ мәнерін көрсетемін», - деп жазды Жәнібек Twitter-де.
Әлімханұлы – Брант жекпе-жегі Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 27 маусым күні 08:00 шамасында басталады. Соңғы рет Жәнібек шаршы алаңға қазан айында шыққан болатын. Ол кезде аргентиналық Гонсало Корияны (16-4, 6 КО) нокаутпен жеңген еді. Роб Брант өзінің соңғы айқасын 2020 жылдың тамыз айында өткізіп, бесінші раундта украиналық Виталий Копыленконы (28-3, 16 КО) нокаутқа жіберді.