«Мен қазақпын» жобасының қазылар алқасы анықталды
Бұл туралы «Қазақстан» РТРК басшысы Ерлан Қарин өзінің Фейсбук парақшасында жазды.
Қазылар тізімінде Қазақ Ұлттық өнер университетінің доценті, шертпе күйдің шебері - Жанғали Жүзбаев, ҚР еңбек сіңірген әртісі, күйші - Айгүл Үлкенбаева, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, дәстүрлі әнші - Толғанбай Сембаев, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, жыршы - Ұлжан Байбосынова, ҚР мәдениет қайраткері, дәстүрлі әнші - Ардақ Исатаева, еліміздің еңбек сіңірген қайраткері, термеші - Амандық Көмекұлы сияқты өнер майталмандары бар. Және жобаның халықаралық деңгейіне байланысты, Қытай халық республикасының 1-ші дәрежелі композиторы, профессор Бағдат Естемес ағамызды әділқазылар алқасына мүше болуға шақырдық. Ал қазылар алқасының төрағасы болып белгілі мемлекет және қоғам қайраткері - Мырзатай Жолдасбеков ағамыз сайланды», - деп жазды телеарна басшысы.
Айта кетейік, «Мен қазақпын» жобасының мақсаты - Республикамыздың және басқа елдерге қоныс аударған қандастарымыздың дәстүрлі әнші-термеші, күйшілері Ұлттық арнада бас қосып, еліміздің таңдаулы туындыларын дәріптеу арқылы, атадан-балаға мирас болып қалған төл өнеріміз күй, жыр-термені заманға сай жаңашаландырып, болашақ ұрпаққа кеңінен таныту. Байқауда барлығы 675 өнерпаз бақ сынап, ең үздік деп танылған 57 үміткер Республикалық телевизиялық байқауға жолдама алды.