Т.Бекмамбетов журналистердің «Сізді қай елдің режиссерлерінің қатарына жатқызу керек, қазақстандық па, әлде ресейлік пе?», - деген сауалына келесідей жауап қайырды: «Мен кезінде біртұтас болған мемлекетте туып, сонда өстім. Мен оны қаласам да қаламасам да, ол солай және солай болып қала беретін шығар. Астарахан мен Атырау арасында шекара жоқ деп есептеймін. Себебі, бұл шекара мен үшін ауыр тиеді. Дегенмен, іштей оны сезінбеуге тырысамын. Бұл сұрақ мен үшін ауыр сондықтан, оған іштей жауап беруден қашуға тырысамын. Солай өмір сүруге оңай. Қазір Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара қарым-қатынастар жақсы сценарий бойынша өрбуде. Сондықтан ол туралы әлі ойланбауыма болады», - деді.
Т.Бекмамбетов: «Өзімді халықаралық режиссермын деп санамаймын. Мен осы елде туғандықтан, осы елдің адамымын», - деп қоса отырып, өзін «кеңестік режиссер» деп атау ұсынысымен келісті.
Сондай-ақ, бірегей сценарийлі экшн-фильмдерді түсірумен айналысатын әлемге белгілі режиссер, өзін басқалардан артық та, ерекшемін деп санамайтындығын айтты. «Мен өзіме ұнайтын, қолымнан келетін дүниені жасаймын. Өзіме жұмыс істеуге қызықты адамдарды таңдап алуға тырысамын және жасап жатқан іске басыммен кіріп кетемін. Нақты киноның процесіне, оның тіліне тоқталатын болсам, Қазақстанда туған адам ретінде киноны адамдармен қатынасу, жаңа адамдармен кездесу мүмкіндігі үшін бағалаймын», - деп түйіндеді.