Бұл видео әлеуметтік желіде бүгін тараған болатын.
Voyage дәмханасында отырған ер адам даяшыларға дөрекілік көрсетіп, шу шығарған.
Қызметкерлердіңң айтуынша, ол мас болған. «Мен прокурормын!», - деп айғайлап, былапыт сөйлеген.
Қалалық прокуратура видеодағы адамның прокуратура қызметкері екенін жоққа шығарды.
Қазіргі таңда қалалық Полиция департаменті оның кім екенін анықтап жатыр.