«Астаналықтардың керемет қалада тұратынына қызыға қараймын. Қала оңайлықпен салынбаса да, жұмылған күштің арқасында бой көтерді. Қазір Астанада тұрудың өзі бір мәртебе. Сондықтан да елдің әр түкпірінен астанаға ағылып келушілер арта түсуде», - деді А. Мамыкин.
Еуродепутаттың айтуынша, елорда заманауи зияткерлік жоғары оқу орындарымен ел азаматтарын өзіне тарта түсуде. Бұл оқу орындарында білім алу қазақстандықтар үшін ғана емес, әлемдегі басқа мемлекеттерден келген студенттер үшін де ерекше мәртебе.
«Астаналықтардың өз қаласына деген махаббаты арта түссін деген тілек білдіргім келеді. Астана тұрғындарын шын жүректен бүгінгі мерекелерімен құттықтаймын. Сонымен бірге, Астана менің ең сүйікті қалаларымның бірі екенін айта кеткім келеді», - деп ойын білдірді А. Мамыкин.