Мен сайлаушылардың осыншама көп болғанына қызығамын - Бельгия депутаты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мен сайлаушылардың осыншама көп болғанына қызығамын, деді Бельгиядан келген халықаралық байқаушы, Еуропарламенттiң бұрынғы вице-президентi Рышард Чарнецкий.

«Мен Қазақстанға алтыншы рет келуiм. Соңғы рет 22 жыл бұрын келген болатынмын. Мен осы аралықта үлкен iлгерiлеу байқап отырмын», - дедi Р.Чарнецкий.

Ол бүгiн халықаралық байқаушылармен бiрге көптеген сайлау учаскелерiнде болды.

«Шынын айтқанда, мен сайлаушылардың осыншама көп санына қызығамын. Себебi, Еуропада сайлауда бiз бiраз қиыншылықтарға тап боламыз. Өйткенi, дауыс берушiлердiң саны мардымсыз. Бiз Қазақстанға келгенде бiрқатар шетелдiк БАҚ бұл елдегi сайлауға келетiн адамдар саны аз болады деп хабарлады. Бұл - өтiрiк болып шықты. Бiз барлық учаскеде ұзын кезектiң барын көрдiк», - дедi ол.