Мен Сізге реформалау және қайта жаңғырту жобаларының ең жақсы жолмен жүзеге асырылуын тілеймін - Австрия Республикасының Федералды Президенті Хайнц Фишер

АСТАНА. 8 сәуір. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы тамаша жеңісімен Австрия Республикасының Федералды Президенті Хайнц Фишер құттықтады,

деп хабарлайды ҚР Президентің баспасөз қызметі.

Жеделхат мәтінінде былай делінген:

Құрметті Президент Мырза,

Мен Сізге Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайлануыңызға орай шын жүректен құттықтау жолдауға қуаныштымын.

Мен Сізге реформалау және қайта жаңғырту жобаларының ең жақсы жолмен жүзеге асырылуын тілеймін. Мен сондай-ақ Сізге Қазақстаннан тыс аумақта да тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтуға қосқан үлесіңіз үшін алғысымды білдіргім келеді.

Австрия Республикасының Федералды Президенті Хайнц Фишер

Вена, 2011 жылдың 6 сәуірі