Бұл Тәуелсіздік мерекесін тағатсыздана күтіп жүрген Алматыдағы Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық консерваториясының 2 курс студенті Олжас Сәтбаевтың жүрекжарды ыстық тілегі.
«Тәуелсіз елдің ұланы болу маған тек зор мәртебе ғана беріп қоймай, үлкен жауапкершілік те жүктеді», - дейді О.Сәтбаев. «Тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, ұзағынан сүйіндіріп, мемлекетіміз мәңгі ел болсын»,- деп тілек айтқан оның ендігі арманы - өнерін өрге оздыру.