Мен тонау мен күш көрсетуге қарсымын – Динара Сәтжан

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Танымал қазақстандық тележүргізуші және кәсіпкер Динара Сәтжан Қазақстанда болып жатқан жағдайға байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Осы кезде Алматы әкімдігі жанып жатыр. Қалаға жаның ашиды, адамдар үшін қорқасың. Билік халықтың талап-тілегіне құлақ асты. Премьер отставкаға кетті. Президент шұғыл шаралар қолданып жатыр. Көпшілік бәрінен шаршады, әрине. Бірақ мен тонау, күш көрсету сияқты әрекеттерге қарсымын»,-деп жазды ол Instagram парақшасында.

Сонымен қатар Динара Сәтжан халықтың алдына қорықпай шыққан Қызылорда облысы әкімінің батылдығына тәнті болғанын жеткізді.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Алматы және Маңғыстау облыстарында төтенше жағдай енгізілді. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің отставкасын қабыл алып, елдегі жағдайды тұрақтандыру жөнінде тапсырма берді. Соның ішінде сұйытылған газдың бағасын 180 күнтізбелік күнге уақытша реттеу шарасы да бар.