Мен тұтынушылар құқын қорғайтын мемлекеттік жаңа орган құруға түбегейлі қарсымын - Тұтынушылардың ұлттық лигасының басқарма төрайымы

None
АЛМАТЫ. 15 наурыз. ҚазАқпарат - Қазақстанда қазір тұтынушылар құқын қорғайтын 38 мемлекеттік орган бар. Бұл туралы бүгін Алматыда «Тұтынушылардың ұлттық лигасы» республикалық қоғамдық ұйымының 20 жылда атқарған қызметі туралы баспасөз мәслихатында айтылды.

«Тұтыншыларды соттық қорғау жоғары деңгейде болу үшін заңнама жақсы болуы керек. Бізде 2012 жылы қабылданған «Тұтынушылар құқын қорғау туралы» заңның 9-шы бабында орта, арнаулы және жоғары оқу орындарында міндетті тұтынушылық білім беруді енгізу қарастырылған болатын. Алайда бұл бағытта әлі күнге дейін мемлекет тарапынан ешнәрсе жасалған жоқ», - дейді «Тұтынушылардың ұлттық лигасы» республикалық қоғамдық ұйымының басқарма төрайымы, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Светлана Романовская.

Оның айтуынша, ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігі қазір тұтынушылар құқын қорғайтын тағы бір жаңа мемлекеттік орган құруды ұсынуда. Оған өзінің түбегейлі қарсы екенін айтқан депутат мемлекеттік органдар әрбір сала бойынша тек заң бұзушылықтарды анықтап, кәсіпкерлерді жазалаумен ғана айналысуда. Ал кәсіпкерлердің тұтынушылардың құқын бұзбауына жол бермеуде бұдан басқа ешнәрсе жасап отырған жоқ.