«Мен жабылып қалдым» деген бизнесмендер айыппұл төлейді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында мемлекеттік органдардың тексеруіне қарсылық білдірген екі кәсіпкерге 100 АЕК көлемінде айыппұл салынды, деп жазды altaynews.kz.

Ауылды жерлерде тексеруге келген мемлекеттік органдардың инспекторларына «мен жабылып қалдым» деген жалған ақпарат беретін кәсіпкерлер кездеседі. Бұл қулығының кесірінен ұтылатын тағы да сол жеке кәсіпкердің өзі.

«Бизнесменнің бұл іс-әрекеті мемлекеттік органдардың тексеруіне қарсылық білдірді деп бағаланып, 100 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Бүгінгі күні осындай екі жағдай тіркелді. Біз оларды тексермей-ақ қояр едік, бірақ, прокуратура тарапынан наразылық түседі», - дейді облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Болат Қуанышбеков.