Менделеев кестесінің 112-ші элементін «коперниций» деп атады
деп хабарлайды ҚазАқпарат Би-Би-Си телекомпаниясына сілтеме жасап.
Коперниций (Copernicium) Ср элементімен жазылады. Ол элементті осыдан 13 жыл бұрын немістің Дармштадт қаласындағы ауыр иондар институтының ғалымдары синтездеген еді. Жаңалықты ашқан ғалымдар элементті «әлемге деген көзқарасты өзгерткен» адамның құрметіне атау туралы шешім қабылдайды. «Таза және қолданбалы химия халықаралық одағы біздің жаңалығымызды ресми таныды, біз «коперниций» деген атауды ұсынуға келістік, себебі айтулы ғалымға деген құрметімізді көрсеткіміз келді», дейді зерттеу тобының жетекшісі, профессор Зигурд Хофманн. Осы уақытқа дейін бұл элемент «унунбий» деген уақытша атаумен келді. Көп ғалымдар оны 112-ші элемент деп те атады.
Ғылыми қоғамдастыққа жаңалықты талқылауға мүмкіндік беру үшін, жаңа атау жарты жылдан кейін ресми қолданыла бастайды.
Николай Коперник 1473 жылы Польшаның Торунь қаласында туған. Жердің Күнді айналатындығын дәлелдеген оның зерттеулері ғылымның әрі қарай дами түсуіне негіз болды.