Қайғылы оқиға Меңдіқара ауданы Боровской кентінде болған. 21 жастағы қыз жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқанда оны ауылдасы қағып кеткен.
«Қылмыстық тексеру органы 2017 жылдың 9 тамызы күні сағат 22:40-та «Тойота-Силика» көлігінің жүргізуші А.П. Гинтердің Меңдіқара ауданы Боровской кенті Абай-Бексұлтанов көшесінің қиылысында жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан Л.В. Быковскаяны қағып кетеді. Жол-көлік апаты салдарынан Л.В. Быковская алған дене жарақатынан оқиға орнында қаза тапты», - деп түсіндірді Қостанай облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі.
Күдіктіге қатысты ҚР ҚК 345-бабы 3-тармағы «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу» әрекеті бойынша қылмыстық іс қозғалды.