Шараұйымдастырушылары - «Нұр-Сұлтан қаласыҚалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» ММ, «Астана ветсервис» КМ жәнежанаулардың құқығын қорғайтын қоғамдық ұйым өкілдері. Көрме-жәрмеңке мақсаты –үй жануарларына сенімді қожайын тауып, бұл мәселеге азаматтардың назарынаударту.
Көрме–жәрмеңкедесүйкімді мысықтармен және ақылды иттермен танысып, ұнағанын үйге алып кетугемүмкіндік бар. Сондай ақ, келушілерге уақытша баспанадағы иесіз өзге дежануарлардың суреттері ұсынылады. Оларды Ақсүмбе орамы, 1-үйде орналасқануақытша баспанадан алып кетуге болады.
Айта кетейік,мұндай жәрмеңке елордада екінші рет ұйымдастырылып отыр. Өткенжолғы шара нәтижесінде қараусыз қалған 60 ит пен мысық жаңа иесін тапты.
Нұр-Сұлтанқаласында қаңғыбас және қараусыз қалған жануарларға арналған уақытша баспана2017 жылдан жұмыс істеп келеді. Бұл жерді 700-ге жуық ит, 60-тан астам мысық пана еткен. Аталғанжануарлардың барлығы карантин, вакцинациялаудан өтіп, бүгінде мал дәрігерімаманының бақылауында.