«Менің арманым» байқауы әлеуметтік бірегей маңызы бар және жас жаңашылдардың жалпыға пайдалы бастамаларын анықтамақ, Ал оның негізгі мақсаты - қазақстандық жастардың әлеуметтік белсенділігін, сыни ойлау және әлеуметтік-шығармашылық қабілеттерін анықтау және дамыту, зияткерлік әлеуетін жетілдіруге мүмкіндік жасау.
Сонымен бірге аталмыш байқау жастардағы сыни ойлау философиясын дәріптеуге бағытталған білім беру үдерістеріне жәрдемдесу және қазіргі әлемді бүтіндей қабылдау, мәселелерді шешудің баламалы жолдарын көре білулерін дамыту, жаңа идеяларды тудыра білу қабілеттерін, стереотиптерді жеңу, бөгде пайымдауларды дұрыс бағалау және өз ұстанымында дәлелді түрде тұрақтау философияларын дәріптеуге бағытталған процесіне қолдау таныту, қазақстандық жастардың назарын қоғамдағы әлеуметтік өзектілігі басым мәселелерін шешуге тарту, жобаларды әзірлеу және іске асыру бойынша жастардың әрекеттеріне қолдау таныту және ынталандыру, әлеуметтік жобалаудың тиімді тәжірибесін тарату сынды міндеттерді шешуді көздейді.
Айта кету керек, «Менің арманым» жобасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласыныңда көрсетілген идеяның іс жүзінде іске асыруы болып табылады және де «Рухани жаңғыру» Бағдарламасының қолдауымен өткізіледі.
Байқауға 14 пен 29 жас арасындағы қазақстандықтар: орта мектептің жоғарғы сынып оқушылары, колледж пен профтехникалық мектеп оқушылары, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, ЖОО-ның студенттері, жас жаңашылдар қатыса алады. Байқау 20 шілде мен желтоқсан айының 31 жұлдызына дейін жалғасады, ал қатысушылардың өтiнiмдері 20 шiлде мен 1 қыркүйек аралығында байқаудың www.meninarmanym.kz ресми сайтында қабылданады.
Cондай-ақ, порталда жарияланған шарттарға назар аударатын болсақ, күн тәртібіндегі мәселелерді шешуде айрықша ұсыныстарды қамтитын бірегей, қатысушының айналасы, отбасы, ауылы, қала, тіпті еліне пайдалы және болашақта демеушілердің қолдауына тәуелді болмайтын, яғни өзін өзі қаржылай қамтамасыз ете алатын тұрақты даму үлгісінде жасалған жоба жеңімпаз болуға әбден лайық.
Айта кететін тағы бір жайт, байқауға қатысу тегін. Республикамыздың кез-келген аймағында тұратын жас қазақстандық өз жобасын негізгі бес бағыт бойынша жолдай алады. Атап айтсақ, олар: ақпараттық, білім, технологиялық, экология және әлеуметтік-мәдени бағыттар. Ұйымдастырушылардың сөзіне сүйінсек, бірегей әрі қоғамға пайдалы әлеуметтік жоба ұсынған үміткер жүлдегер болып табылады. Қазақтан Республикасының әйгілі қоғам қайраткерлері, саясаткерлер мен кәсіпкерлерден құралған қазылар алқасы 1 ай бойы келіп түскен жұмыстарды саралап, жоба жеңімпазын анықтайды. «Менің арманым» байқауының ақтық кезеңі теледидарлық әлеуметтік- зияткерлік шоудан тұратын болады. Ақтық жарысқа қатысуға ең үздік 64 жобаның авторы Астана қаласында жиналады.
Сонымен қатар, «Хабар» арнасында осы жобаға қатысты 22 түсірілім жүзеге асырылады, яки "Менің арманым" телевизиялық шоуы еліміздің барлық аймақтарын қамтитын болады.
Айта кету керек, байқаудың ұйымдастырушысы - «SUCCESS K» стратегиялық коммуникациялар агенттігі.