«Менің қазақ халқына, Қазақстанға және оның басшылығына ықыласым өзгеше. Екі соғыстан кейін алғашқылардың бірі болып көмек қолын созып, Грозныйдың қалпына келуіне атсалысқан - Қазақстан халқы», - деді Рамзан Қадыров «ҚР Президенті Телерадиокешені» ҰАҚ бас директоры, танымал журналист Ерлан Бекқожинге берген сұхбатында.
Репрессия мен қуғын-сүргін жылдары Қазақстан жеріне келген басқа да халықтардың өкілдері қазақ халқына алғысын жаудыруда. Олардың әңгімелері мен естеліктері ҚР Президенті Телерадиокешенінің «Бір тағдыр» атты жаңа деректі фильмінде көрсетіледі. Фильм таяу уақытта орталық арналардан көрсетіледі.