«Менің Отаным ? Қазақстан» халықтар достығы фестивалі жобасы жүзеге асырыла бастады

АЛМАТЫ. Маусымның 9-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ – Бүгін Алматыда «Менің Отаным – Қазақстан» халықтар достығы фестивалі деп аталатын жаңа жоба жүзеге асырыла бастады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Қазақстан үшін ұлтаралық келісім мен татулықтың маңызы зор. Осы мәселенің шешімін табуда еліміздің түрлі аймақтарында орналасқан ұлттық-мәдени орталықтардың атқарар рөлі орасан. Бұл 365 ұлттық-мәдени орталыққа 35 ұлт пен ұлыс біріккен. Оның 30-дан астамы - Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері. Болашақта дәстүрлі түрде жыл сайын өткізіледі деп жоспарланып отырған фестиваль дарынды жастардың үлкен сахнаға және телеэкранға шығуына көмектесуді көздеп отыр», - дейді фестивальдің бас режиссері, «Таңдау» компаниясының директоры Қарлығаш Әжиева. Оған шығармашылық ұжымдар да, жеке орындаушылар да өтініш білдіре алады. Байқау халықтық және стильдік би, эстрадалық ән, фольклорлық академия дәрежелері бойынша өткізіледі. Фестиваль жеңімпаздарын елге танымал қоғам және мәдениет қайраткерлерінен тұратын беделді қазылар алқасы анықтайды. «Менің Отаным ? Қазақстан» халықтар достығы фестивалі 4 кезеңнен тұрмақ. 2010 жылғы ақпанның 25-іне дейін қатысушылардан өтініш қабылданады. 2009 жылдың қазанында қазылар алқасы аймақтар бойынша кастинг өткізіп, қатысушыларды іріктейді. Сондай-ақ 2010 жылғы сәуірдің 1-і мен 26-сы күндері кәсіби мамандар (хореограф, әнші, стилист және тағы басқалар) қатысушы?үміткерлермен жұмыс жүргізеді. Ал 2010 жылы мамырдың 1-інде Астанадағы Орталық алаңда жеңімпаздарды марапаттау рәсімі және қатысушылардың гала-концерті болады.