«Енді инвестиция саясатына келейік. Менің тапсырмаммен инвестициялық жобалардың бірыңғай жүйесі әзірленді. Алайда биыл жоспардағы 284 инвестициялық жобаның 43-і ғана жүзеге асырылған. Яғни, небәрі 15 пайызы іске қосылған. Мұның бәріне құр цифр ретінде қарауға болмайды. Өйткені соның кесірінен көптеген жұмыс орны ашылмай қалды.
Ел экономикасы миллиардтаған теңге қаржыдан қағылды. Сыртқы істер министрлігі шетелден инвестор тарту үшін тиімді жұмыс атқарып жатқанын атап өткен жөн. Елшілер шетелдерде түрлі кездесу өткізіп, елімізге инвесторларды жетелеп әкеледі деуге болады. Бірақ жобаны жүзеге асыратын кезде жергілікті жерде түрлі мәселе туындайды. Бір сөзбен айтсақ, біз дайын инвесторлардан айырылып қалып жатырмыз.
Тағы да қайталап айтамын, инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға жағдай жасау яғни, жер бөлу, рұқсатнама беру, инфрақұрылыммен қамту – әкімдердің міндеті. Әрине, орталыққа да өзгеріс жасау керек. Осыған қатысты бірқатар ұсыныс бар екенін білемін.
Премьер-Министр Экономикалық саясат жөніндегі кеңесте бәрін қайтадан талқылап, өзара келісілген шешімді маған енгізуі қажет», - деді Президент.
12:27, 12 Желтоқсан 2022
Менің тапсырмаммен әзірленген инвестжобалардың 15 пайызы ғана іске қосылған - Тоқаев
АСТАНА. Қазақпарат - Менің тапсырмаммен инвестициялық жобалардың бірыңғай жүйесі әзірленді. Алайда биыл жоспардағы 284 инвестициялық жобаның 43-і ғана жүзеге асырылған. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Президенті айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметінің Телеграмдағы БОРТ№1 арнасына сілтеме жасап.