ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат – Бүгін Қызылорда облысы Сырдария ауданында ҚР Тәуелсіздігі күніне орай автошеру ұйымдастырылды. Көк туды көкке көтерген азаматтар оны аудан орталығы көшелерімен алып өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Менің Туым!» республикалық шарасына ел егемендігінің 29 жылдығына орай 29 автокөлік қатысты.
Мемлекеттік туымыз орнатылған көліктер аудан орталығындағы Қ.Қазантаев көшесінен бастап А.Иманов, И.Тоқтыбаев көшелерімен жүріп өтті.
«Кез келген мемлекеттің Тәуелсіздігін айқындайтын қасиетті белгілер – мемлекеттік рәміздер. Сол себепті, рухымызды аспандатар көк байрағымызды жоғары көтерген шерушілердің басты мақсаты – өскелең ұрпақтың бойына патриоттық сезім ұялату», - деді шараны ұйымдастырушылар.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.