Менингиттің алдын алу: Әр өңірде call-орталықтар жұмысын бастады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі менингитпен сырқаттану мәселелеріне байланысты азаматтардың сұрақтарына жауап беретін республикалық және облыстық call-орталықтарды іске қосты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

ҚР ДМ Қоғамдық денсаулықты қорғау комитетінің мәліметінше, Call-орталықтарда тәулік бойы инфекционист-дәрігерлер және эпидемиологтар жұмыс істейтін болады. Олар тұрғындардың барлық сұрақтарына жауап беріп,  дерттің алдын алу бойынша кеңестер береді.

Республикалық call-орталықтың номері: 8 /7172/ 554900

Өңірлердегі Call-орталықтардың байланыстары:

Астана қ.: 1430

Алматы қ.: 8 /7273/ 000 103

Алматы облысы: 8 /7182/ 411-212

Ақмола облысы: 8 800 080 6481

Ақтөбе облысы:  8 /7132/ 907 070, 8702 5020093

Атырау облысы:  8 /7122/ 98-02-92, whatsApp 8 778 007-20-21

Шығыс Қазақстан облысы:  8 /7232/ 70 11 31

Жамбыл облысы:  8 /7262/ 555-160

Батыс Қазақстан облысы:  8 /7112/ 24-00-06

Маңғыстау облысы:  8 702 0292929

Павлодар облысы:  8 /7182 /66-24-99, 8702 300 15 17

Қарағанды  облысы:  8 /7212/ 955-559

Қызылорда облысы:  8 / 7242 / 400 -001

Солтүстік Қазақстан облысы:  8 800 808103

Оңтүстік Қазақстан облысы:  8 /7252/ 39-31-60

Қостанай облысы: 8 /7142/ 393 777