Мэнни Пакьяо Филиппин конгресіндегі жалғыз миллиардер

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемдегі ең үздік боксшының бірі және бай филипнидіктің бірі Мэнни Пакьяо бес жыл қатарынан Филиппин парламентінің төменгі палатасындағы жалғыз миллиардер болып есептеледі.

"Р-Спорт" агенттігінің хабарлауынша, таяуда ғана жарияланған депутаттардың қаржылық декларациясына сәйкес оның жағдайы 2014 жылы 1,69 миллиард филиппиндік песо (38 миллион долларға жуық) болған.

«Пакьяоның ақшасы 2014 жылы оның алдындағы жылмен салыстырғанда шамамен 343 миллион песоға өсті, деп хабарлайды Gma News интернет-порталы.