Мереке алдындағы қарбалас Алматының көптеген көшесінде көлік қозғалысын қиындатты. 2GIS қызметінің мәліметі бойынша,кешкі сағат 18:15-те жол кептелісі 9 баллды көрсетті.
Түстен бері кептеліс 10 баллға жетті – бұл мегаполис үшін өте ерекше жағдай.
Әсіресе әл-Фараби, Абай, Райымбек, Рысқұлов, Назарбаев даңғылдары, Желтоқсан, Төле би көшесі мен Мақатаевта автокөлік жолы қызыл түсті көрсетіп тұр.
Еске салайық, 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні.
Айта кетейік, ШҚО-дағы тасжолдардың бірі ертеңге дейін жабық болатыны туралы жазған едік.