«Конституция күні» жазуы бар футболкалар киген «Basis» ҮЕҰ Ресурстық орталығы» ҚБ белсенділері мен еріктілері жолаушылардың Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша және оны қабылдаумен байланысты сәттер туралы білімін тексереді. Акцияға қатысқандардың барлығына әшекейлер мен магниттер сыйлыққа беріледі»,- деп хабарлады astana.kz сайтына басқармадан.
Іс-шара С.Сейфуллин және Ш.Уәлиханов көшелерінің қиылысында өтеді.
Еске салайық, «Basis» ҮЕҰ Ресурстық орталығы» ҚБ елордалық Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «2011-2013 жылдары Астана қаласындағы құқықбұзушылықтың алдын алу» бағдарламасы аясында «Мен және Заң» іс-шарасын ұйымдастыру» жобасын жүзеге асыруда. Жыл басынан бері құқық қорғау органдарымен бірге көңіл көтеру орындарында бірлескен рейдтер өткізіліп, жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтардың алдын алу бойынша акциялар ұйымдастырылды.