Аталмыш шара Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «30 игі іс» ұранымен басталған «Игі істер марафоны» жобасы аясында ұйымдастырылмақ.
Халықаралық әйелдер күніне орай «Анаға тағзым» акциясын «Астана жастары» орталығы демеушілердің қолдауымен үшінші рет өткізіп отыр.
«SOS» балалар ауылының тәрбиеленушілері еріктілермен бірге 600 гүл сыйлайды.
Іс-шараның мақсаты - балаларды әлеуметтендіру, қарым-қатынас дағдыларын үйрету және эмоционалды зияткерлікті дамыту, балаларды бала күніне сыйлық беруге үйрету.