***
Кеше Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Тимур Асқарұлы Құлыбаев «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы қызметінен босатылды. Ал Өмірзақ Естайұлы Шөкеев Мемлекет басшысының Жарлығымен басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары қызметінен босатылды. Елімізде болған осы және өзгеде кадрлық өзгерістер жөнінде «Егемен Қазақстан» басылымының бүгінгі санынан білуге болады.
Сондай-ақ осы басылымның жазуынша, Кеше Қайрат Мәмидің төрағалық етуімен Парламент Сенаты бюросының отырысы болды. Комитеттер мен Сенат аппаратына республика Үкіметінен келіп түскен заң жобалары берілді. Депутаттар «Телерадио хабарларын тарату туралы» заң жобасын және қолданыстағы кейбір заңнамалық актілерге телерадио хабарларын тарату мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда талқылайтын болады. Жалпы отырыста «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» заң жобасы және қолданыстағы бірқатар заңнамалық актілерге арнаулы мемлекеттік органдары мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда қарау көзделіп отыр. Одан басқа отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-атқару жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда қарау көзделуде. Бұл туралы «Сенат бюросының кезекті отырысы өтті» атты мақалада.
***
Айқын» басылымының жазуынша,Қазақ тағамтану академиясы белгілі америкалық коммерциялық емес «Oldways» ұйымымен бірге қазақстандық тамақтану жүйесін әзірлемек. Осы ұйымының президенті Сара Баер-Синоттың айтуынша, қазақ халқы ет өнімдерін мол тұтынады. Оны жас күйінде де, сүрлеп те, шұжық жасап та жейді екен. Бірақ шетелдік диета ұстау тәсілдеріне үйреніп, ет өнімдерінен бас тартатындар да бар екен. Бұл - дұрыс емес. Әрбір халықтың өзіндік тамақтану жүйсеі болуы қажет, олар бір-біріне сәйкес келмейді. Сондықтан өзге елдің тәсілін бетке ұстап, ата-бабалар сан жылдан бері тұтынып келген тағамнан бас тарту-ағзаға тек зиянын тигізеді»,-дейді ұйым басшысы. Ендеше жаңа жүйенің сыры неде және ол біз үшін қаншалықты пайдалы?. Бұны «Айқын» басылымының бүгінгі санындағы «Отандық тамақтану жүйесі жасалды» атты мақаладан білуге болады.
Сондай-ақ осы басылымының жазуынша, республикалық қоғамдық-саяси «Президент және халық« газетінің республикалық «Уақыт таңдауы» агенттігімен бірлескен жобасы бойынша Тәуелсіздік күні қарсаңында дәстүрлі жыл таңдаулары айқындалды. «Жылдың үздік облыс әкімі» аталымы бойынша жеңімпаз болып, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың есімі аталды. Облыс әкімі неліктен ең үздік деп табылды? Бұл сауалдың жауабын «Айқын» басылымының бүгінгі санындағы «Жылдың үздік облыс әкімі» атты мақаладан білесіздер.
***
Қазақстандықтардың 67,2 пайызы алдағы жылға белгіленген Мәжіліс депутаттарының сайлауында дауыс беруге дайын. Саяси әлеуметтік-зерттеулер институты жүргізген онкүндік сауалнаманың нәтижесі осындай. Сондай-ақ осы сауалнама барысында еліміздің азаматтарының қанша пайызы қай партияға дауыс беретіндігі де зерттеліпті. Бұл мәселелерді «Алаш айнасы» басылымының бүгінгі санындағы «Халықтың 67,2 пайызы дауыс беруге даяр» атты мақалада.
Сондай-ақ аталмыш басылым бүгінгі санында «Мереке кезінде шенеуніктердің шетелге шығуына тыйым салынды» атты мақала жарық көрді. Мақалаға кеше Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен еліміздің өзге де бірқатар лауазым иелері қатысқан кеңес барысында көтерілген мәселелер арқау болған. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев онда дағдарыс кезінде ерекше ыждаһатты болу қажеттігін ескертті. «Ең алдымен бұл мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың шығыстарына қатысты. Олар қымбат тұратын іс-шараларды таныстырылымдарды, халықаралық конференцияларды өткізуден бас тартулары тиіс»,-деп атап көрсетті. Жиында көтерілген осы және өзге де мәселелер жөнінде «Алаш айнасы» басылымының бүгінгі санынан білуге болады.
***
Кеше елордадағы Тәуелсіздік сарайында Мемлекеттік хатшы Қанат Судабаевтың қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мәжілісі өтті. Онда Ассамблеяның Қазақстанның бірлігін арттырудағы рөлін нығайту мәселесі талқыланып, ұйымның биылғы жылғы жұмысы қорытындыланды. Күн тәртібіндегі басты мәселелердің бірі - Мәжіліс депутаттарының сайлауына Ассамблея атынан түсетін азаматтарды іріктеуге қатысты болды. Жиында көтерілген осы және өзге де мәселелер «Казахстанская правда» басылымының бүгінгі санында «Ассамблея выдвинула кандидатов» деген тақырыппен басылды.