Мереке кезінде ХҚКО-лар қалай жұмыс істейтіні белгілі болды

Фото: Азаматтарға арналған үкімет

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Астана күніне байланысты 7 шілде, дүйсенбі күні ХҚКО-лар мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс істемейді. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мәлім етті.

– Сенбі, 5 шілде күні кезекші ХҚКО-лар мен МХҚКО-лар үшін жұмыс күні. Бұл күндері халыққа қызмет көрсету орталықтары 9:00-ден 13:00-ге дейін қызмет көрсетеді, мамандандырылған ХҚКО-ларда өтініштерді қабылдау 12:00-ге дейін жүзеге асады, ал дайын құжаттарды 13:00-ге дейін алып кетуге болады,– деп хабарлады корпорациядан. 

Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысының халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс күні бір сағат бұрын басталып, бір сағат бұрын аяқталады.

8 шілдеден бастап барлық халыққа қызмет көрсету орталықтары әдеттегі кестеге сай қызмет көрсетеді.

Бұл ретте кезекші халыққа қызмет көрсету орталықтардың мекенжайларын Мемлекеттік корпорацияның Instagram желісіндегі ресми парақшасы және 1414 бірыңғай байланыс орталығы арқылы білуге болады.

Осыған дейін, биыл шілдеде қазақстандықтар демалыс және мереке күндерін қоса алғанда, 9 күн демалатыны туралы жазғанбыз