Мемлекет басшысының өкімдерімен:
Мереке Мәтімұлы Көшекбаев Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды;
Ержан Уақасұлы Ыбыраев «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.
Осыған дейін екі әскери лауазым иесі қызметінен босатылғанын хабарлаған едік.