Бүгін ел аумағында жел күшейіп, дауыл тұрады - Қазгидромет
АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК ел аумағында 9 мамырда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады.
Дерекке қарағанда, оңтүстік циклоны және онымен байланысқан атмосфералық фронталды бөліктер Қазақстан территориясына әсерін сақтайтын болады. Яғни, найзағай ойнап, бұршақ, жаңбыр жауады, еліміздің солтүстігі мен оңтүстік-шығысының таулы аудандарына қатты жаңбыр жауады.
Тек республиканың шығысы антициклон жотасының әсерінде болады — жауын-шашынсыз ауа райы болжанады.
ҚР бойынша желдің күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл, дауыл тұруы мүмкін.
- Күндіз Абай облысында қатты ыстық болады.
Қызылорда, Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау, Қарағанды, Абай, Жетісу облыстарында, Алматы облысының солтүстігі мен орталығында, Атырау облысының оңтүстік-батысында, Батыс Қазақстан облысының батысында, Ақтөбе, Павлодар облыстарының оңтүсгігі, оңтүстік-шығысы, батысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысы мен оңтүстігінде, Ақмола облысының батысы, оңтүстігі мен шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, - деп жазды синоптиктер.
Түркістан облысының батысында, шөлді аудандарында, Қызылорда облысының шығысында, орталығында, Жамбыл облысының батысы мен орталығында, Жетісу облысының батысында төтенше өрт қаупі бар.
Айта кетейік, ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды.