Бұл туралы ұлттық темір жол компаниясының баспасөз қызметінен хабарлады.
«Наурыз мерекесіне орай «Павлодар-Астана-Павлодар» бағытында қосымша электр пойыздары жұмылдырылады.
Электр пойыздары кестемен жүреді: «24 наурызда «Павлодар-Астана № 7509 электр пойызы бір бағытта» 21 және 22 наурыз күндері «Астана-Павлодар» бағытында № 7510 электр пойызы», - делінген ақпаратта.
Бұған қоса 20-25 наурыз күндері аралығында «Павлодар-Түркістан», 21-25 күндері аралығында «Павлодар-Пресногорьковская» бағыттарындағы пойыздарға қосымша вагондар тіркеледі.