Мереке күндері Астанада қоғамдық көліктер қалай қатынайды

АСТАНА. KAZINFORM –  «City Transportation Systems» ЖШС елордадағы қоғамдық транспорттың мереке күндердегі кестесін жариялады. 

Фото: Алматы әкімдігі

Тасымалға жауапты компанияның мәліметінше, 31 желтоқсанда қоғамдық көлік жұмысы өзгеріссіз, бекітілген кестеге сәйкес жүреді.

Мереке күндері қала және қала маңы бағдарлары демалыс күнінің кестесіне сәйкес 06:00 — 23:00 жүреді;

1 қаңтар

Сағат 10:00–ге дейін қалалық бағдарлар бір рейс өткізіп жүреді. Сағат 10:00–ден кейін бекітілген кестеге сәйкес жүреді;

экспресс және қала маңы бағдарлары кестеге сәйкес жүреді.

2-4 қаңтар демалыс күнінің кестесі бойынша өзгеріссіз;

5-6 қаңтарда қала және қала маңы бағдарлары жұмыс күнінің кестесіне сәйкес жүреді.

7 қаңтарда демалыс күнінің кестесі бойынша жүреді.

Келесі күндері қоғамдық көлік қолданыстағы кестеге сәйкес (апта күніне орай) штаттық режимде жүреді.

Бұған дейін Алматы автобустары мереке күндері қалай жүретінін жазған болатынбыз.