Мереке күндері Астанада қоғамдық көліктердің саны артады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаңа жылдық мейрам күндері Астанада қоғамдық көліктердің саны артады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы .

Мерекелік шаралар өткізілетін алаңдарға Астана тұрғындары мен қонақтардың еш қиындықсыз және ыңғайлы жетуіне сапалы қызмет көрсету мақсатында қала әкімдігі кей бағыттарда қоғамдық көлік санын арттырды.

«Негізінен 30-31 желтоқсан күндері мына бағыттар бойынша автобустар саны артады № 2,5,7,8,9,10,12,19,31,33,37,40,51,71; ал 2018 жылдың 2-ші қаңтарында мына бағыттар бойынша № 9,10,12,31,37,40,51», деп хабарлады «Астана LRT».

Осы бағыттар Жаңа жылдық шаралар өткізілетін сауда орындары, мұз айдыны, мәдени ошақтар және басқада нысандарға қатынайтын болады.