Бұл туралы ІІД Жол полициясы басқармасынан хабарлады.
Акцияны ұйымдастырушылар темір тұлпарға мінген азаматшалардың артынан жүре отырып, олардың өз мерекелерін «пайдаланып», жіберген бұзушылықтарын тіркеп отырған. Олардың арасында қауіпсіздік белдемшесін тақпау, ұялы телефонды қолдану, қоқысты терезеден лақтыру және тағы да басқа бұзушылықтар бар.
Бірақ, тоқтатылған «нәзік жандыларға» жол полицейлері айыппұлдар мен хаттамалардың орнына ізгі тілектер жазылған ашық хаттарды толтырып беріп отырды. Өз кезегінде журналистер гүл шоқтары мен Жолда жүру ережесі туралы кітапшаларды сыйға тартты.
Онымен бірге, жол жүру ережелерін бұзған қыз-келіншектерге «Іскерліер толқыны» радиосында ұтыссыз ойынға қатысып, тікелей эфирде мерекелік құттықтаулар жолдау мүмкіндігі берілді.